Қызылордадағы Ілияс Жансүгіров тұрған үй сауда орнына айналған

2 538

Фото: Қызылорда облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығыҚызылорда қаласындағы қазіргі И.Тоқтыбаев көшесінде 1928-1929 жылдары кеңес әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, ақын, драмашы, прозашы Ілияс Жансүгіров тұрған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Тұрғын үй 1909 жылы салынған, бертін келе ол сауда орнына айналды. 

"Архив мәліметінен аңғарғанымыз, мұнда ақынның достары Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Санжар Аспандияров, қазақтың өзге де мәдениет және өнер қайраткерлері қонақ болған. Ғимарат ортаазиялық үй типіне жатады. Қасбетінде «Бұл үйде 1928-1929 жылдары қазақ Совет әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Ілияс Жансүгіров жұмыс істеген» деп жазылған мемориалды тақта ілулі тұр. Ғимарат саз кірпіштен, ал іргетасы күйдірілген кірпіштен салынған. Оны 1989 жылы «Казпроектреставрация» институты зерттеген.", — деді Қызылорда облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы тарихи-мәдени мұра бөлімінің инспекторы Зухра Сыздықова.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.