Отандық фильм Берлинде бас жүлдені иемденді

298
Қазақстандық режиссер Фархат Шәріповтің «Схема» атты фильмі 72-ші Берлин халықаралық кинофестивалінде гран-приді ұтып алды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Айтулы байқауға Generation (балалар және жасөспірімдер туралы фильмдер) бағдарламасы бойынша қатысқан. Жүлде фильм режиссері Фархат Шәріповке табысталды. Алайда, 

«Түсірілім тобына маған деген сенімі мен еңбегі үшін алғыс айтамын. Одан бөлек, фильмге түскен жас әртістерге ерекше ризашылығымды білдіремін. Берлиндегі командаға және бізді шақырғаны үшін рахмет!. Байқауға қатысқанымызға қуаныштымын!. Фильм жасөспірімдер туралы және жасөспірімдерге арналған», - деді Ф. Шәріпов.

Фильм кастингке келген жасөспірімдердің ашық әңгімесі негізінде түсірілді. Фархат Шәріповтің еркін айтылмайтын жабық тақырыпты қолға алуы бірінші рет емес екендігінде ескерген жөн.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.