«Қазақконцерт» ұйымына Роза Бағланованың есімі берілді

304
Қазақконцерттің ресми атауы ауысты- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қазақконцерттің атауы ҚР Үкіметінің 17 тамыздағы қаулысына сәйкес ауысты.

Еліміздің бас концерттік ұйымына КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланованың есімі берілді.

2022 жылы қазақтың бұлбұл әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 толуына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлы әншінің есімін халық жадында мәңгі сақтау үшін шараларды қабылдауды тапсырған еді.

"Қазақконцерт тарапынан ұйымға Роза Бағланованың есімін беру мәселесін қарастыру жөнінде Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлованың атына хат жолданған болатын. Бұл игі бастаманы халық әртістері, Қазақконцерт құрамында өнер көрсетіп жүрген еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері, мәдениет үздіктері мен жас таланттар бірден қолдады. Олардың қатарында: Бибігүл Төлегенова, Нұрғали Нүсіпжанов, Мұрат Құсайынов, Ақжол Мейірбеков, Алтынбек Қоразбаев, Роза Рымбаева, Айман Мусахаджаева, Нағима Есқалиева, Мақпал Жүнісова, Айжан Нұрмағамбетова, Бағдат Самединова, Жеңіс Ысқақова, Құрмаш Махан, Азамат Жылтыркөзов, Ерлан Рысқали, Медет Чотабаев, Әміре т.б. орындаушылар бар. Аталған шара Роза Бағланова есімінің ұлт жадында, келешек ұрпақтың есінде мәңгі сақталуына және уақыт өткен сайын қайта жаңғырып отыруына елеулі үлес қосады деп білеміз"- деді Қазақконцерт басшысы  Жеңіс Сейдуллаұлы.