Қазақ өнерпаздарының Париждегі концерті аншлагпен өтті

2 686

Фото: 24.kzПариждің ұлттық музейінде қазақ және француз халық музыкасының концерті аншлагпен өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Көрермендер «Отырар сазы» оркестрі мен франциялық скрипкашы Фредерик Жоуанненің концертін тамашалап, халқымыздың бай мұрасынан сусындап қайтты. Ұлы Дала жауһарлары Париж төрінде. Төрт ай бойы Қазақстанның ұлттық көрмесі Гимэ музейіне келушілерді таңғалдырып, тамсандырып келеді. Ауқымды іс-шараның бір бөлігі ретінде француз тыңдармандарына ерекше концерт ұйымдастырылды. «Отырар сазы» оркестрі мен француз скрипкашысы Фредерик Жоуанне екі елдің ұлттық өнерін қалың көрерменге паш етті.

Қазақтың халық әндері мен француз шығармалары бір-бірімен астасып, бірге өріліп жатты. «Адай» күйінде скрипканың дыбысы қаншалықты үйлесім тапса, қобыз бен домбыраның үні де норманд әуендерінде дәл солай үндесті. 




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.