Ыстамбұлда "Қандастар" кітабы жарық көрді

250
Ыстамбұлдағы отандастарымыз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын саралап, бастан өткен елеулі оқиғалар жөнінде тілдесіп, жаңа кітаптың тұсауын кесті деп,- хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Алыста болса да, атамекендегі мерекелер мен айтулы күндерді қалт жібермейтін қандастарымыз төл мерекені де осымен бірнеше рет атап өтіп жатыр. Бұл жолы шараның маңызын арттыратын су жаңа кітаптың тұсаукесері өтті. Журналист Гүлназ Кәрімжанның «Қандастар» кітабының тұсаукесері Ыстамбұлда өтуі бекер емес. Өйткені, көп томдық кітаптың біріншісі Түркияда тұратын қандастарымызға арналған.

Әбдіуақап Қара, Мимар Синан университетінің профессоры, тарихшы:

 – Бұл кітаптың мәні ерекше, Мен бір тарихшы ретінде айтайын. Сөз ұшады жазу қалады. Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді дейді. Хат деген сөз кітап деген сөз. Бұл кітап келешек ұрпаққа осы Түркия қазағының мәдениетін таныстырады, өмір тіршілігін таныстырады. Бұл кітап бажайлап қараған кісіге дүниежүзіндегі қазақтың мәдениеті ортақ екенін, қайғысы, қуанышы, мұңы, мақсаты мүддесі ортақ екенін әйгілеп отыр. Сонысымен де ерекше құнға ие деп ойлаймыз.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.