Хон Бом Доға арналған кітап жарық көрді
1 853
Корей халқының батыры, жауынгер - интернационалист, Хон Бом Доға арналған кітап жарық көрді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бұл кітапта батырдың өмірбаяны толықтай жазылған. «Біздің халқымыздың генералы Хон Бом До» атауымен шыққан құнды дүниенің авторы Корея Йоннам университетінің докторы, құрметті профессор Ли Донсун.
Бүгін Достық үйінде қонақта болған Кореяның халықаралық білім беру бағдарламаларының жетекшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Ким Фил Янг аталмыш кітапты Қызылорда облыстық Корей этномәдени бірлестігінің жетекшісі Елена Кимге табыстады.
Мәртебелі меймандардың бұл сыйлығына үлкен ризашылығын білдірген бірлестік жетекшісі Корей халқының қаһарманы туралы кітап Хон Бом До атындағы музейдің төрінде тұратын болады деді. Сондай-ақ, екі ел арасындағы тарихи, салт-дәстүр, мәдениет және тілдік ұқсастықтарға ерекше тоқталып өтті. Тіл жанашыры, «Абай қазынасына саяхат» және «Мәміле» клубының жетекшісі Елена Пак туралы, оның қазақ тілі арқылы жеткен биік жетістіктерін алға тартты. Тарихқа, ел батырларына құрмет көрсеткен Корей елінен келген делегация мүшелеріне алғысын жаудырды.
Кездесу аясында Қызылорда ашық университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов екі ел арасындағы білім саласы бағытында жеткен көптеген жетістіктерге, алдағы бірлескен жобаларға тоқталды. Әсіресе профессор Ким Фил Янгтың қазақ тілі мен корей тілдік құрылымдылық жүйелерін сaлыстырa отырып зерттеу жүргізіп жүргендігін атап өтті. Сонымен бірге, өзі басқарып отырған оқу ордасында корей тілінің оқытатын бөлім ашылатындығын назарға салды.
Кореяның азаттығы үшін басын бәйгеге тіккен Хон Бом Доның тағдыры әу бастан-ақ оңай болмады. Бүлдіршін кезінен жетім қалып, жоқшылықты да, түрмені де, жойқын соғысты да көрді. Жапондармен ұрыста партизандар жасағына жетекшілік етіп, ұлт батырына айналды. Тіпті ЛЕНИНМЕН де жүздесіп, өз елінің тәуелсіздігі турасында пікір алмасқанын мұрағаттағы құжаттар айғақтайды.
Алайда өз дәуірінде Хон Бом До баһадүр болып ұлықталмады, саяси репрессия өз дегенін істеді, Қиыр Шығыстан 1937 жылы Қазақстанға, оның ішінде Қызылордаға жер аударылды.
1868 жылы дүниеге келген Хон Бом До – өткен ғасырдың басынан бастап жапон басқыншыларына қарсы қарулы күресті бастағандардың бірі. 1919 жылдан бастап «Тәуелсіздік армиясының» көрнекті ұйымдастырушысы болды. Азаматтық соғыс аяқталғаннан кейін Хон Бом До Кеңес Одағы аумағында өмір сүріп, 1937 жылы Қызылорда қаласына жер аударылды. Өмірінің соңғы жылдары жергілікті корей театрында күзетші болып жұмыс істеді. Қызылордада Хон Бом До корей театрында күзетші болып жұмыс істеп, жан бақты. Қарапайымдылығы соншалық, оның батыр, генерал болғанын көпке дейін жан баласы білмеді, ол айтпады. Кейін келе сол өнер ордасы ұлт қаһарманы туралы арнайы спектакльді көрерменге көзайым етті. Хон Бом Доның тікелей ұрпағы болмады. Ауыр тағдыр иесі 1943 жылы 25 қазанда көз жұмды.
Уақыт оза Сыр жерінде Хон Бом До мемориалы бой көтерді. Корей батырының есімімен көше аталды.