RUB (+0.03) 7.96 KZT
USD (-1.36) 476.62 KZT
EUR (-3.40) 485.53 KZT
Мәдениет
431

Танымал актер Сағат Жылгелдиев дүниеден озды

Танымал қазақ актері Сағат Жылгелдиев 68 жасында дүниеден озды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Театрымыздың актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, жаны жайсаң Сағат Жылгелдиев ағамыз дүниеден өтті. 
Театр ұжымы, әріптестері марқұмның жұбайы Жібек Лебаева мен отбасы, туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз", -
делінген хабарламада.

Актердің жаназасы 17.05.2022 күні сағат 09:00-де МҰРАТБАЕВ 48 мекен-жайында өтеді. Ал қоштасу рәсімі 17.05.2022 күні сағат 10:00-де Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында өтеді.