Елімізде республикалық «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалі ұйымдастырылуда

481
Фестивалдің үздік жеңімпазына 1 миллион теңге сыйақы беріледі, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Елімізде үздік күйшіге 1 миллион теңге беріледі. Ол үшін күйшілер Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрінің ұйымдастыруымен республикалық «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалінен үздік шығуы керек. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Данияр Әлиев мәлімдеді.

Аталмыш музыка фестивалі­нің мақсаты – шертпе күй өнерін кеңі­нен насихаттай отырып, жас­тар арасында домбыра аспабында ойнауды дәріптеп, ұмыт болып бара жатқан белгісіз күйлерді дамы­тып, жарыққа шығару. Қазақ күйлері орындаушылық дәстүріне сай төкпе және шертпе күй болып екіге бөлінеді. Шертпе күйлер терең философиялық мәнге, ой-сырға толы өзіндік бағыты қалыптасқан. Шертпе күйлер кең-байтақ қазақ даласының шығысы Алтай, Тарбағатай, орталығы – Ұлы­тау, Шыңғыстау өңірінен бас­тап Жетісу, Қаратау, Сыр бойына дейін қоныстанған ел арасына кеңінен таралған, – деп атап өтті комитет төрағасының орын­басары.


Үздік күйшіге берілетін жүлде қоры да қомақты.

Республикалық «Шертпе күй» дәстүрлі музыка фестивалі үш күнге созылады. Фестиваль аясын­да домбыра номинациясы бойынша конкурс өтеді. Кон­кур­сқа 16-35 жас аралығындағы домбырашылар қатысады. Шертпе күй дәстүріндегі үздік орындау­шыны анықтайтын конкурстың жүлде қоры – 1 млн теңге. Ал бірінші орын иегеріне – 750 мың теңге, екінші орынға – 500 мың теңге, ал үшінші орын жүлдегеріне 300 мың теңге беріледі. Сонымен қатар арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табыс­талады, – деді Данияр Әлиев.