Қазақстанда мәдени мұра орталығы ашылады
486
Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев 2023 жылы Материалдық емес мәдени мұра орталығын ашу ұсынысы пысықталып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Вице-министрдің дерегінше, «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» республикалық бюджеттік бағдарлама аясында ұлттық аспаптарды, оның ішінде домбыраны дәріптеу туралы зерттеуші ғалымдардың еңбектері жарық көріп келеді. Ал «Танымдық әдебиет» сериясымен «Домбыра – кие» (Кәдірбек Сегізбайұлы), «Домбыра-күй дәстүр-даму» (Сахарбаева Карима), «Алтай-Қобда домбыра күйлері» (Мұсайф Хусаян), «Домбыра ойнау оңай ма?» (Жұмагелді Нәжімеденов), «Домбыра» (Шәмші Ниязин), «Домбыра» (Серік Сейітман), «Қазақтың домбыра өнері» (Мұрат Әбуғазы), «Көне дүние күмбірі - Мелодии древности» (Жарқын Шәкәрім) атты әдебиеттер басылып шығып, мемлекет меншігіндегі республикалық, облыстық кітапханаларға таратылды.
«Министрлік мәдени мұраны сақтау, жандандыру мен танымал етуге көп көңіл бөледі. «Мәдениет туралы» ҚР Заңының 32-бабына сәйкес көне және бірегей музыкалық аспаптар материалдық мәдени құндылықтарға, орындаушылық өнерлер материалдық емес мәдени құндылықтарға жатқызылудың негізінде тиісті іс-шаралар қабылдануда. Бұл ретте қазақтың дәстүрлі күй өнері ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне енгізілді. Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары мен ойнау өнері (қобыз, жетіген, сыбызғы, шаңқобыз), қазақтың дәстүрлі ән өнері Қазақстан Республикасының материалдық емес мәдени мұрасының ұлттық тізіміне енгізілді. Осы орайда 2023 жылы Материалдық емес мәдени мұра орталығын ашу ұсынысы әзірленіп жатыр. Бұл орталық домбыра теориясын зерттеу мен практикасымен айналысатын болады», - деді ол.
Вице-министрдің дерегінше, «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» республикалық бюджеттік бағдарлама аясында ұлттық аспаптарды, оның ішінде домбыраны дәріптеу туралы зерттеуші ғалымдардың еңбектері жарық көріп келеді. Ал «Танымдық әдебиет» сериясымен «Домбыра – кие» (Кәдірбек Сегізбайұлы), «Домбыра-күй дәстүр-даму» (Сахарбаева Карима), «Алтай-Қобда домбыра күйлері» (Мұсайф Хусаян), «Домбыра ойнау оңай ма?» (Жұмагелді Нәжімеденов), «Домбыра» (Шәмші Ниязин), «Домбыра» (Серік Сейітман), «Қазақтың домбыра өнері» (Мұрат Әбуғазы), «Көне дүние күмбірі - Мелодии древности» (Жарқын Шәкәрім) атты әдебиеттер басылып шығып, мемлекет меншігіндегі республикалық, облыстық кітапханаларға таратылды.
«Алдағы уақытта осы бағыттағы әдебиеттерді басып шығару бойынша дайын қолжазбалар келіп түскен жағдайда қолданыстағы заңнама тәртібінде қарастырып, басып шығаруға әзір екенімізді хабарлаймыз.Сонымен қатар қазіргі уақытта дәстүрлі күйлер мен әндер, саз аспаптары арнайы музыкалық мектептерде, орта және жоғары оқу орындарында оқытылып, ұлттық өнер иелері мен жанашырларының қатары артуда. Орта білім беретін мектептердің бағдарламасына домбыра үйрету сабақтарын енгізу туралы Мемлекет басшысының бастамасына сәйкес мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясында «Домбыра» үйірмелерін өткізу бойынша қызметтер көрсетіліп жатыр. Қазіргі таңда «Artsport» бағдарламасы аясында жұмыс істейтін 643 домбыра үйірмесіне 26388 бала қатысады. Осы тәжірибені мектептерге тарату жұмыстары жалғасатын болады», - деді Ержан Еркінбаев.