Бүгін елімізде Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күні аталып өтеді
15 сәуірде қазақстандықтар «Қозы Көрпеш – Баян сұлу күні» деген атауға ие ғашықтар күнін атап өтеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мереке 2011 жылы 14 ақпанда – Ғашықтар күніне балама ретінде пайда болды және XIV-XV ғасырларда өмір сүрген Қозы Көрпеш – Баян сұлу махаббатының символы ретінде белгіленген. Бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан халық аңызында махаббат пен достық, тазалық пен нәзіктік, адамгершілік пен әдеп туралы айтылған.
Айта кетсек, ғашықтар күні Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрында «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» спектаклінің премьерасы өтеді. Театр директоры Еркін Жуасбектің айтуынша, «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» спектаклі ең алғаш рет 1930 жылдары сахналанғанын айтты.
Қоюшы-режиссер Әубәкір Рахимов атап өткендей, шығарма театр сахнасында бесінші рет қойылғалы отыр.