Димаш Құдайберген «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды

2 503

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген тағы бір мәрте халықаралық сыйлыққа ие болды, - деп  хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


1979 жылы елдің ғылыми-технологиялық және шығармашылық әлеуетін қолдау және ілгерілету, жұртшылықты әлемдік мәдениеттің жетістіктерімен таныстыру институты ретінде құрылған қор 26-шы рет көрнекті шетелдік тұлғаларға сыйлықтар табыс етті.

“Құрметті достар! Бүгін Сербияның Белград қаласында “Karić brothers award” сыйлығына ие болдым.Мені әрдайым қолдап жүрген барша тыңдарман қауымға шын жүректен алғыс. Ағайынды Карич сыйлығы әлемге әйгілі ғылым, журналистика, экономика, мәдениет және қоғам қайраткерлеріне табысталады.1979 жылдан бері Карич қорының сыйлығы бұған дейін Нобель сыйлығының лауреаттары Ж.Альферов, П.Хандке ,Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаев, кинорежиссер Е.Кустурица, қоғам қайраткері М.Мазари, теннисші Новак Джокович, актер Стивен Сигал – барлығы 150-ден астам дарынды адамдарға табысталған болатын”, – деп жазды Димаш жеке парақшасына. 

Қордың Директорлар кеңесінің пікірінше, Димаштың айрықша вокалдық деректері, оның классикалық және заманауи стильде орындаудың әртүрлі нысандарын біріктірудің керемет қабілеті, көп жылдық жұмыс пен оқудың нәтижесі ретінде кез келген нотаны орындаудың бірегей мүмкіндіктері әртісті Қазақстан мәдениетінің жарқын өкілі, өз ісінің табысты маманы ретінде атап өтуге мүмкіндік береді.

"Біздің Директорлар кеңесі осындай маңызды әртіс сыйлықтың ізашарларының, осы жолдағы таланттардың алтын сериясының жалғасы болуға лайық екендігімен бірауыздан келіседі, бұл біздің достас елдеріміз арасындағы қарым – қатынасты нығайтады", – деді Сербиядағы Қазақстан Республикасының құрметті консулы, ағайынды Карич қорының негізін қалаушы Миланка Карич.

Сербияның орталық мәдени шарасы Серб мәдениеті мен дәстүрін айқындайтын мәдени мұра нысаны – Белградтағы Ұлттық театрда өтті.


Ұлттық театрдың керемет сахнасында Димаш қазақтың халық әні "Самалтау" және Игорь Крутойдың "Mademoiselle Hyde" әнін шырқады.