Парижде қазақ халқына көрме ашылды

547
Парижде қазақ халқының аңыздары мен қазіргі өмірі бейнеленген цифрлы суреттер көрмесі ашылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Мұнда алматылық Жанар Ерланқызы халқымызға белгілі тұлғаларды ертегі әлеміндегі иллюстрация стилінде көрсеткен. Оның әр туындысы тарихымыз бен заманауи өмір салтымызды ерекше ұштастыра бейнелейді. Бақсы, жерұйық пен бәйтерек суреттелген туындылар да көпшіліктің көңілінен шықты. Көрмені тамашалауға келген француздар кей картиналарға  тапсырыс беріп те үлгірген. Көрме бір аптаға жалғасады.

Жания Елубаева, көрме ұйымдастырушысы: 

- Келген қонақтарға көбіне мифологиялық бөлім өте қатты ұнаған сияқты. Өйткені бәріміз де суреттерге қарап қиялдауды ұнатамыз. Мұнда көрермендерге ыңғайлы болу үшін әр картинаның мән-мағынасы жазылған буклеттер бар. Халық қызыға келіп, көріп кетіп жатыр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.