Кітапхана ісіндегі деректерді талдауға арналған LABA платформасы әзірленді

2 502

Фото: Opennews.kz ЖИАстанадағы Ұлттық кітапханада еліміздегі кітапхана саласының негізгі статистикалық деректері жинақталған LABA (Library and Book Analytics) аналитикалық медиаплатформасы таныстырылды, -  деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Платформада кітапханалар желісі, оқырмандар мен келушілер саны, кітап қоры мен берілген әдебиеттер, цифрлық ресурстар және кадрлық әлеует туралы негізгі көрсеткіштер қамтылған.

Деректер диаграмма, рейтинг, интерактивті кесте және өңірлер бойынша салыстырмалы мәлімет түрінде берілген. Осы арқылы саладағы өзгерістерді бақылап, өңірлердің көрсеткіштерін салыстыруға болады.

LABA платформасын құруға «Қазақстан кітапханалары – 2025 жыл. Мәліметтер мен сандар» ғылыми-сараптамалық шолуындағы мәлімет негіз болған. Алдағы уақытта жаңа статистикалық есептер жарияланған сайын платформадағы ақпарат та жедел жаңартылып отырады.

LABA интерфейсі қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жұмыс істейді. Платформа мобильді құрылғыларға да бейімделген.

Жоба авторы – Ұлттық кітапхананың ғылыми-әдістемелік қызметінің маманы Нұрлыхан Жұмахан. Платформаға bynurlykhan.github.io/laba сілтемесі⁠ арқылы кіруге болады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.