Бүгін 70 жасқа толған Әлібек Дінішевке "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді
324
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлібек Дінішевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру туралы жарлыққа қол қойды деп жазады Ақорданың ресми сайты.
"Отандық мәдениетті дамыту мен музыка өнерін дәріптеудегі айрықша еңбегі үшін Әлібек Мұсаұлы Дінішевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілсін", - делінген президент жарлығында.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Айта кетек, КСРО халық әртісі бүгін, бүгін 70 жасқа толды.
Әлібек Дінішев 1951 жылы 7 шілдеде Алматыда дүниеге келген. Ата-анасы болашақ опера әншісін Әміре Қашаубаев атындағы музыкалық мектепке оқуға берді. Осы жерде ол аккардеон аспабында ойнауды игереді.
Сонымен қатар өзі оқитын №33 мектептің көркем үйірмесінде ән айтуға машықтана бастайды. 8-сыныпты аяқтағасын музыкалық мектептен П.И. Чайковский атындағы музыкалық училищеге түсіп, 1970 жылы Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваторияның вокал факультетіне қабылданып, оны 1976 жылы бітіріп шығады.
1976 жылы Жамбыл атындағы Қазақ филармониясында әншілікке бет бұрады. 1977 жылы Бразилияның астанасы Рио-де-Жанейро қаласында өткен воколистердің халықаралық конкурсына қатысып, әйгілі әншілер қатарына қосылады.
1978 жылы оған ҚазКСР-ның еңбек сіңірген әртісі атағы, ал келесі жылы Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығы тапсырылады.
Әлібек Дінішев Кеңес Одағының көптеген аймақтарымен қатар Чехословакия, Алжир, Перу, Куба, Португалия, Финляндия, Швеция, Морокко, Ирак, Болгария және тағы да бірнеше елдерде концерттік сапармен болып қайтқан.