Алматыда бірқатар көрнекті тұлғаның мұрасына арналған көрме ашылды

2 515

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіҚР Ұлттық кітапханасында биыл мерейтойы аталып өтетін мемлекет және қоғам қайраткерлері, әдебиет пен өнер саласының 16 көрнекті өкіліне арналған көрме ашылды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Олардың қатарында Жамбыл Жабаев, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Жұбанов, Сайын Мұратбеков және өзге де тұлғалар бар.

 Көрме экспозициясына 350-ден астам баспа басылымы мен 200-ге жуық электронды материал қойылды. Кітапханаға келушілер мерейтой иелерінің өмірбаяны, кәсіби және қоғамдық қызметі жөніндегі мәліметтермен таныса алады. Мәдениет қайраткерлеріне жеке бөлім арналып, олардың театр, кино және музыка өнерін дамытуға қосқан үлесі таныстырылды, — делінген ақпаратта.

Ұлттық кітапхананың оқырмандары көрмені жыл бойы тамашалай алады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.