Индонезияда Димаш Құдайберген мен Қазақстан мәдениетіне арналған көрме өтті

571

 Фото: pixabay.comИндонезияның астанасы Джакартада әнші Димаш Құдайберген мен Қазақстан мәдениетіне арналған 10 күндік көрме өтті, деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі  dimashnews сайтына сілтеме жасап.

Көрме Индонезия Республикасының Ұлттық кітапханасында ұйымдастырылды. Көрмеде әншінің концерттерінің бірі көрсетілді, сондай-ақ Қазақстаннан суреттер мен кәдесыйлар ұсынылды. Іс-шара тегін өтті.

 Көрмені Қазақстан Республикасының Индонезиядағы Елшілігі мен Индонезия Республикасының Нұр-Сұлтандағы Елшілігінің қолдауымен Димаш Құдайберген DIDFC Индонезиялық фан-клубы ұйымдастырды. Ашылу рәсімінде Димаштың жанкүйерлері «Дайдидау» және «Любовь уставших лебедей» әндерімен таңғажайып қойылымдар қойды. Аталған әндер түпнұсқада және индонезиялық нұсқада шырқалды.

 Димаштың шығармашылығымен танысқаннан кейін қазақ тілін белсенді меңгере бастаған жанкүйері Тита Джаджосман Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» поэмасын оқып, қонақтарды таң қалдырды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.