Күйші Нұрғиса Дәуешов оралдық өнерсүйер қауыммен кездесті
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры, күйші Нұрғиса Дәуешов оралдық өнерсүйер қауыммен кездесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«Иірім» атты шығармашылық кеште дарын иесі өмір жолындағы сәулелі сәттермен бөлісті. Құрманғазының «Аман бол шешем, аман бол», «Байжұма», Төлеген Момбековтың «Салтанат», Қауеннің «Сәнау», Қарасайдың «Қарасай Қази», Махамбеттің «Жұмыр қылыш» күйлерін орындап, шанақтан шыққан сұлу сазбен тыңдармандарға ерекше әсер сыйлады. Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қуанышбек Мұханғалиевпен күй тартысы да көптің көңілінен шықты. Осы кеште астаналық әнші Асхат Әмірғалиев Нұрғиса Мұратұлының әніне жазылған «Келемін Ана» әнінің тұсауын кесті.