Музейлерде жаңа технология: экспонаттарды AI сипаттайды

2 511

Photo : ©Пресс-служба Министерства культуры и информациии РКE-Museum виртуал желісі еліміздегі 286 музейдің дерегін біріктіріп, 65 мыңнан астам жәдігер мен 750-ге жуық 3D артефактіні қамтиды,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында мәдениет саласына цифрлық шешімдерді енгізу жұмыстары жалғасын табуда. Бүгінде сегіз тілде жұмыс істейтін Qazaq Culture платформасы Қазақстанның мәдени мұрасын халықаралық деңгейде насихаттауға бағытталған. E-Museum виртуал желісі еліміздегі 286 музейдің дерегін біріктіріп, 65 мыңнан астам жәдігер мен 750-ге жуық 3D артефактіні қамтыған.

"Портал арқылы музей қорлары онлайн қолжетімді болып, жасанды интеллект көмегімен экспонаттарды автоматты сипаттау, аудару және іздеу мүмкіндіктері енгізіліп жатыр", - деді мәдениет және ақпарат министрлігінің мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Шерхан Талап.

Кино саласындағы ашықтықты қамтамасыз етіп, кассаға түсетін қаражатты толық цифрландыруға және нақты уақыт режимінде есеп жүргізуге бағытталған "е-Кино" жүйесі кезең-кезеңімен іске қосылып жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.