Қытайлықтар «Көксеректі», француздар «Менің атым Қожаны» оқып жүр

2 503

Фото: Opennews.kz ЖИҚазақ әдебиетінің танымал шығармалары шетел оқырмандарына да жол тартып, әлемнің әр түкпірінде таныстырылып жатыр,-деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» шығармасы қытай тіліне аударылып, Пекин, Үрімжі және Күйтің қалаларындағы баспалардан жарық көрген.

Ал Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінің француз тіліндегі нұсқасы 2024 жылы Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде таныстырылған.

Қазақ әдебиетін шетелге таныту және ұлттық рухани мұраны халықаралық деңгейде дәріптеу бағытындағы жұмыстарға мемлекет тарапынан да назар аударылып келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мәдениет пен әдебиетті дамытуға, қазақтың рухани мұрасын әлемге танытуға ерекше мән беріп келеді.

Бүгінде атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде қазақ қаламгерлерінің шығармалары шетел тілдеріне аударылып, әлем оқырмандарына жетіп жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.