Жазушы Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығы аталып өтілді

1 423

Павлодар облысы Шарбақты ауданында әдебиеттанушы, ақын Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығы аталып өтілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.


Мұзафар Әлімбаев – «Алатау баурайында», «Менің Қазақстаным», «Балдәурен, шіркін, балалық», «Ақсерек те Көксерек» және тағы да басқа шығармалары ТМД мен шет елдердің 20 тіліне аударылған поэтикалық жинақтардың авторы. Қазақстанның тұңғыш әнұранының авторларының бірі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, Павлодар облысының Құрметті азаматы. 


«Мұзафар Әлімбаевтың поэзиясы – классиканың үлгісі ғана емес, сонымен қатар қазақ тілінің басты қазынасы. Ол «Балдырған» балалар журналының негізін қалап, қазақ балалар әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосты. Ақынның өлеңдеріне 200-ден астам ән жазылған және олар бүгінгі күнге дейін көпшілікке танымал», - деді салтанатты шараға қатысқан облыс әкімі Асайын Байханов.


Шара барысында қаламгердің кітаптары мен жеке заттары қойылған көрме ұйымдастырылды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.