Дұғалованың кішкентай кезіндегі суреті елді тәнті етті

468

Фото: https://www.instagram.com/zhanar_dugalova/Қазақстандық танымал әнші Жанар Дұғалова желіде алғашқы қатысқан ән байқауынан суреті жариялап, қалың көпшілікті сүйсіндірді. Өнер иесінің жанкүйерлері оның кішкентай кезіндегі түрін көріп, тәнті болған.


Эстрада жұлдызы бірден елдің ыстық ықыласына ие болған фотосымен Instagram парақшасында бөліскен. Онда кішкентай Жанардың микрофон алдында әндетіп тұрғанын көруге болады.


Фото астындағы жазбаға сәйкес, ол әнші арудың ең алғашқы ән байқауы кезінде жасалған болып шықты. 


Желі қолданушылары өзінің кішкентай кезін көрсеткен әншіге тәнті болып, аталмыш суретке қатысты өз пікірлерімен бөлісті.


"Сұлу қыз, еш өзгермеген", "Әлі де осындай сүйкімдісіз", "Тәтті балапан", "Түк өзгермеген, әлі осы қалпыңдасың. Сүйкімді әрі сұлу", "Кішкентай әдемі қыз", "Қателеспесем, бұл Павлодардағы байқау ғой?", "Маска шоуындағы аққу сіз ғой?", "Көрікті бүлдіршін болыпсың. Қазір көпшілікке үлгі болар ару атандың", - деп жазуда халық. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.