Түркияда қазақ әйелдеріне арналған халықаралық көрме өтті

2 511

Фото: ашық дерек көзіСтамбулда қазақ халқының қалыптасуы мен дамуына, рухани өмірі мен мәдениетіне ерекше үлес қосқан осындай қазақ әйелдері туралы халықаралық көрме өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Домалақ ана, Томирис, Зере, Әлия мен Мәншүк сияқты 12 тарихи тұлғаның майлы бояумен салынған портреті түрік өнерсүйер қауымының назарына ұсынылды. Қазақстандық танымал суретшілердің картиналары қазақ әйелінің образын көрерменге ерекше тәсілмен жеткізген.


Шараға келген қонақтар туындыларға жоғары баға берді. Ыстамбұлдағы бас консулдықтың қолдауымен өткен «Ұлы қазақ әйелдері» көрмесінің соңы шағын концерттік бағдарламамен аяқталды.


Қазақстаннан 5-6 суретші қатысып жатыр. Кейбір жұмыстарды шетелге апарып көрсеттім. Биыл жазда «Ақ қадын» деген картинамды Венеция қаласында көрмеге қойдық. Тағы да басқа жұмыстар болды. Әдейілеп шақырумен бардық Венецияға 5 суретші, дейді суретші Айткүл Тасмағамбетова.