Нұр-Сұлтанда жазушы Тұрсынбек Кәкішұлының 95 жылдығына орай әдеби жиын өтті
Нұр-Сұлтанда жазушы Тұрсынбек Кәкішұлының 95 жылдығына орай әдеби жиын өтті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қазақ әдебиетінің өкілдері ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан қайраткердің есімі елеусіз қалмауы тиіс дейді. Жазушының ұлтжандылығы мен әдебиетке деген адалдығын жастарға үлгі ету қажеттігін айтады. Ұлттық кітапханада қайраткердің есімі берілген «Ғалым залы» да ашылған. Онда оның 800-ге жуық қолжазбасы мен шығармалары қойылған. Жақында жазушының баға жетпес мол мұрасын дәріптеу мақсатында халықаралық ғылыми конференция өтпек.