Нұр-Сұлтанда жазушы Тұрсынбек Кәкішұлының 95 жылдығына орай әдеби жиын өтті

743

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Қазақстан Жазушылар одағыНұр-Сұлтанда жазушы Тұрсынбек Кәкішұлының 95 жылдығына орай әдеби жиын өтті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қазақ әдебиетінің өкілдері ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан қайраткердің есімі елеусіз қалмауы тиіс дейді. Жазушының ұлтжандылығы мен әдебиетке деген адалдығын жастарға үлгі ету қажеттігін айтады. Ұлттық кітапханада қайраткердің есімі берілген «Ғалым залы» да ашылған. Онда оның 800-ге жуық қолжазбасы мен шығармалары қойылған. Жақында жазушының баға жетпес мол мұрасын дәріптеу мақсатында халықаралық ғылыми конференция өтпек.

"Ресейдің архивтеріндегі қазақ руханиятымен байланысты дүниелерде көз майын тауысқан ғалым Тұрсынбек Кәкішев. Қазіргі Алаштанушы ғалым ағамыз Дихан Қамзабекұлы «Ресейдің қай облысындағы архивтерге барсаңыз да алдыңыздан Тұрсынбек атамыздың қолы тұрады дейді. Яғни сол мұрағатты ақтарған, шаңын сіңірген", - деді Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы Дәулеткерей Кәпұлы.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.