Киноорталық қазақ тіліне дубляждалатын фильмдерді іріктеу үшін ашық дауыс беруді жариялады

2 163

«Ұлттық киноны қолдаудың мемлекеттік орталығы» КЕАҚ тамыз айының басында осы жыл ішінде үшінші рет балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тіліне дубляждау үшін байқауға қатысуға өтінімдер қабылдайтынын жариялады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Үшінші өтінімдерді қабылдау қорытындысы бойынша бес киножоба, атап айтқанда «Пингвин Пороро: музыкалық шытырман оқиға»(«Пингвиненок Пороро: музыкальное приключение»), «Қанатты оқиға» («Крылатая история») балалар анимациялық фильмдері және отбасымен көруге арналған «Менің ягуарым»(«Мой ягуар»), «Мысық пен ит» («Кот и собака») және «Жабайы жүрек» («Дикое сердце») фильмдері байқауға ұсынылды. 


Қысқаша синопсисі бар фильмдердің тізімі 20 жұмыс күні ішінде онлайн дауыс беру үшін Киноорталықтың ресми сайтында www.kazakhcinema.kz жарияланған. Дауыс беруге барлық адам қатыса алады. 


Бұдан әрі Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балаларға арналған анимациялық фильмдер мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тіліне дубляждаудың іріктеу ережелеріне сәйкес онлайн-дауыс беру нәтижесінде таңдалған фильмдер Сараптамалық кеңестің қарауына берілетін болады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.