Жас қаламгерлерге арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтінім қабылдау бір аптадан кейін аяқталады

2 523

gov.kzҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жас жазушылар мен ақындарға арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа өтінім қабылдауды жалғастырады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Сыйлыққа 18-ден 35 жасқа дейінгі қаламгерлер бұрын халықаралық және ұлттық байқауларға қатыспаған туындыларымен үміткер бола алады.


Әдеби сыйлық «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті» номинациялары бойынша беріледі. Автор тек бір номинацияға ғана қатыса алады.


Әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 16 млн теңге. Жеңімпаздарға диплом, төсбелгі және 4,1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы беріледі.


Биыл жас жазушылар мен ақындарға арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлық екінші рет табысталмақ. Байқаудың мақсаты – жас қаламгерлерге мемлекеттік қолдау көрсету.


Өтінімді 2024 жылғы 31 шілдеге дейін мына мекенжайға жолдау қажет: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 13 кіреберіс, 273 кабинет.


Толық ақпаратты Мәдениет және ақпарат министрлігінің сайтынан және 74-04-08, 74-04-07, 74-03-84 нөмірлері арқылы біле аласыздар.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.