Тоқтар Серіков: Қоразбаевтың Мейрамбекке көбірек бүйрегі бұрады деген сөздер болды.

565
Атақты композитор, әнші Алтынбек Қоразбаев өнерде ізінен еріп келе жатқан қос шәкірті Тоқтар Серіков пен Мейрамбек Беспаевқа жас кездерінде пәтер алып бергенін "Ең алғашқы" бағдарламасында еске түсірді. 
"Тоқтар мен Мейрамбекке 1995 жылы бойдақ кездерінде өз қаражатымнан екі бөлмелі пәтер алып бердім. Бірақ Мейрамбектің атында болатын. Тоқтар соған өкпелеп жүр ме деп әлі күнге дейін күмәнданам. Мейрамбектің атына неге алып бересің, маған неге алып бермейсің деген ой ішкі дүниесінде маған реніш бар-ау деп ойлаймын. Бірақ білдіртпейді" , - дейді Тоқтардың өнердегі әкесі Алтынбек Қоразбаев. 
Ақ-қарасын бағдарлама студиясында Тоқтар Серіковтің өзі ажыратып берді. Бұл жайтты күле еске алған өнер иесі: 
"Осы нәрсе ойымда жоқ екен. Сол үйде тұрғаныма қуанышты болдым. Бірақ ол үйді Мейрамбектің атына жазғаны рас. Кейін ол үйді сатқанда Мейрамбек ақшасын бөлмей, бермей кетті ғой (күледі). Алайда Алтынбек көкеміздің бізге бергені тек үй ғана емес, ол кісінің бергенін санасақ, шашымыз жетпейді. Көкемнің маған бергенін қалай қайтарсам деген уайыммен жүрмін, шынымды айтсам.