Шетелдегі сіңлісімен қауышқан Жазира Байырбекова ел жүрегін елжіретті

488
Отандық танымал әнші Жазира Байырбекова отбасылық видео жариялап, барша жанкүйерін жылатты. Өнер иесі Америкадан елге оралған сіңлісімен сағыныса қауышып, ел жүрегін елжіретті.
Жазира Байырбекова бірнеше жыл бойы Америка құрама штаттарында тұрып келген сіңлісінің елге оралғанын хабарлады. 
Эстрада жұлдызы тіпті Instagram желісінде туғанымен қауышқан сәтті көрсеткен. Ол жанұясындағы әсерлі сәттен видео жариялап, ел жүрегін елжіретті.


 Өнер иесі сіңлісін көрген бойда көз жасына ерік берген. 


"Менің бауырым, сіздердің сүйікті жазушыларыңыз Назира Байырбек келді елге! 35 сағаттық жолдан шаршап келгеніне қарамай эмоцияларды түсіріп алды. Отбасымызбен көңіліміз бос адамдармыз. Әдет па, мінез ба, болмыс па білмеймін. Қанша “енді мықты боламыз, көз жасымызға ерік бермейміз” десек те болмайды. Қуансақ та, толқысақ та. Көз жасымыз тек қуаныштан болсын. Сіңіліңіз қайдан келді деген сұрақтар көп келіпті. Америкадан", - деп жазды әнші. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.