Бұрса қаласы түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланды

604
Бұл жайлы Өзбекстанның Хиуа қаласында өткен ТҮРКСОЙ тұрақты кеңесінің 38-ші отырысында бекітілді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұрсаға дейін нақ осы Хиуа қаласы мәдени елорда еді. Кездесу барысында ұйым мүшелері  бекітілген іс-шаралардың атқарылу қорытындысын тыңдап, алдағы жоспарларын бекітті.

Қазақстан өз кезегінде тарихи-мәдени ескерткіштерді қайта қалпына келтіру үшін түркітілдес елдердің мамандарын тартуға ниетті атап өтті. Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешовтың айтуынша, шетелдік қолөнершілер тәжірибе алмасу үшін аса қажет.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.