Жастар фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

387
Астанада «Jastar Jalyny-2022» шығармашыл жастар фестивалінің жабылу салтанаты өтті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Фестивальге қатысуға елордалық жоғары оқу орындарының өкілдері арасынан барлығы 14 команда өтінім берді.

Студенттер 10 номинация бойынша бақ сынады. Олар өздерінің қабілеттерін би, вокал, поэзия, музыка, бейнелеу және театр өнерінде, сондай-ақ интеллектуалды викторинада көрсетті. Қатысушылардың талантын мәдениет және өнер қайраткерлері, еліміздің еңбек сіңірген әртістері, кәсіби хореографтар мен видеографтар бағалады.
Фестивальдің салтанатты жабылуында қала әкімінің орынбасары Есет Байкен байқаудың ерекшелігі елорданың барлық жоғары оқу орындарының қатысуында екенін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде Астананың университеттері мен колледждерінде 62 мыңнан астам студент оқиды, жыл сайын өзге қалалардан келетін талапкерлердің артуы байқалады.


Байқау жеңімпаздарының бірі Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Жантас Еркінұлы болды. Тәуелсіздік тақырыбы оны ерекше шабыттандырған. Жас ақын өз өлеңінде Отанға деген сүйіспеншілік туралы айтып, қазақстандықтарды патриотизмге шақырды.


Сондай-ақ «Тұран» университетінің студенті Карина Миняло байқауға дайындығы туралы естеліктерімен бөлісті.


"«Біз»Ұлттық би«номинациясына қатысып, шешен халқының биін дайындадық. Көпшіліктің есінде қалатын өнер көрсеткіміз келді. Менің ойымша, бұл байқау таланттарды ашуға көмектеседі. Әрине екінші орын алғанымызға қатты қуанып отырмыз", - деді Иманансамблінің мүшесі Карина Миняйло.