Қазақстандық суретшілердің туындысы Венеция биеннале көрмесіне қойылады
Биыл өтетін 60-шы Венециялық өнер биенналесінде Қазақстанның павильоны болады. Көрмеге отандық бірнеше суретшінің туындылары қойылады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Венецияда «Jeruiyq» деген атаумен еліміздің заманауи сурет өнері туындылары ұсынылады. Jeriyq - ізденіс пен жол метафорасы туралы қазақ аңыздарынан алынған утопия. Экспозициялардың бағыты - футуристік.
Екі жылда бір өтетін халықаралық көрмеге еліміз ресми екінші жыл қатысқалы отыр.
60-шы Венециялық өнер биенналесінде қазақ сурет өнерінің көрмесі биыл 20 сәуір мен 24 қараша айы аралығында өтеді. Оған отандық суретшілер Камиль Муллашев, Ерболат Төлепбай, Сәкен Нарынов, The2vvo тобы (Лена Позднякова, Эльдар Таги), Сергей Маслов және Анвар Мусреповтің туындылары қойылады.