Президент Дариға Тілендиеваның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты

2 731

Фото: АқордаКеше Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиеваның дүниеден өткені белгілі болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйгілі композитор, «Отырар сазы» ұлт аспаптары академиялық оркестрінің негізін қалаушы Нұрғиса Тілендиевтің жары, белгілі мәдениет қайраткері Дариға Тілендиеваның дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.", — делінген Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі, актриса, композитор Дариға Тілендиева 79 жасқа қараған шағында көз жұмды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.