Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдығына арналған концерт өтті
Алматыда республика сарайында МАМ қолдауымен Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі ұйымдастырған "Айналдым елім" атты концерт өтті,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шара белгілі әнші, композитор Ескендір Хасанғалиевті 85 жылдығына арналған.
Оның әндері патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншіліктің символына айналған. Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін бұл туындылар – Қазақстанның мәдени мұрасының ажырамас бөлігі.
Әнші шығармашылығындағы халықтың ыстық ықыласына бөленген «Атамекен» әні ерекше бағаланған. Бұл ән тыңдаушылардың жүрегінен орын алып, қазақ музыкасының алтын қорына қосылған.
Концерт аясында Ескендір Хасанғалиевтің бірқатар шығармалары орындалған.
Оркестрдің бас дирижері - мемлекеттік "Дарын" жастар сыйлығының лауреаты Абылай Тілепберген. Көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Батыржан Мықтыбаев. Концертке белгілі қазақстандық өнерпаздар қатысқан.







