Тілімізді үйренушілердің саны артты

378
 Әлемнің 23 елінен 800 адам  "Онлайн қазақ тілі" курсына тіркелді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қазақ тілін онлайн үйреніп жүрген шетелдіктердің көбі - Димаштың тыңдармандары

Тіркелгендердің ішінде этникалық қазақтардан бөлек, тілімізге қызығушылық танытқан өзге ұлт өкілдері де бар. Өзге ұлт өкілдерінің тіл үйренудегі мақсаты екі бағытқа негізделген. Алғашқылары Қазақстанда жұмыс істеуге керек десе, екіншілері - қазақ тіліне қызығушылық танытатын және тілдік құрылысын зерттейтін - ғалымдар. Өзге ұлт өкілдерінің басым көпшілігі - Димаш Құдайбергеннің «Dears» жанкүйерлері.

 Олардың айтуынша, әншінің әндерін, сұхбаттарын ана тілінде еркін түсініп, сонымен қатар, қазақтың тарихымен, мәдениетімен тереңірек танысу үшін қазақ тілі сабақтарына зор ықыласпен қатысады. 

Сабақ қазақ тілінің әмбебап оқулығы және «Abai institute» платформасы негізінде жүргізіледі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.