Стамбұл қаласында өткен халықаралық көрмеге қазақ кілемі қойылды

2 673

Фото: istockphoto.comОтандық кілем өндіруші компания тұңғыш рет ірі халықаралық көрмеге қатысты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Стамбұл қаласында өткен көрмеге 100 пайыз отандық кілемдер қойылды. 20-ға жуық елден 400-ден аса кілем өндіруші компания қатысқан бұл көрме осы сала бойынша әлемдегі ең ірі көрмелердің бірі.

Бұл жерде өндірушілер өзара танысып қана қоймай, әлемнің әр түкпірінен келген сатып алушылармен де келісім шартбекітеді. Кілем тоқу саласындағы жаңашылдықтармен танысады. Мұндай ірі көрмеге тұңғыш рет қатысып отырған отандық компанияның өнімдері сапасы мен ерекше өрнектері арқылы тұтынушылардың көңілінен шығып, түрлі елден келген адамдар сатып алуға ниет білдірді.

Талғат Ысқақов, кілем өндіруші компанияның басшысы:
Қазақ өндірісі, қазақ мәдениеті, қазақтың ұлттық оюы мен ұлттық өнерін біздің Қазақстанда шығып жатқан кілемдер арқылы әлемге танытып, сатылымды арттыруды көздеп отырмыз. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.