Әйгілі Киану Ривздан айнымайтын оралдық жігіт желі жұлдызына айналуда

323

Фото: видеодан скриншотОрал қаласының тұрғыны Альберт Масуатов күллі әлемге танымал актер Киану Ривзға қатты ұқсайтынын осындан бірнеше жыл бұрын байқаған. Қазіргі таңда 35 жастағы отандасымыз әйгілі жұлдыздың образын қолдана отырып, әлеуметтік желілерде видео жариялауда.


Альберттің әйгілі Киану Ривзбен ұқсастығы туралы алғашқылардың бірі болып оның қарындасы айтқан болатын. Бойжеткен ағасымен бірге "Жылдамдық" фильмін көрген соң осындай пікір білдірген. Ол кинода актер арнайы мамандандырылған қызметкер ретінде әрекет етіп, барлығын террористтен құтқарады. 


"Менде актерлік шеберлік жоқ. Актерлікке еш жерде оқымағанмын. Алайда, бір күні менің әріптесім маған видео түсіріп6 оны Tik-tok желісіне жариялауды ұсынды. Мен солай істедім. Костюм киіп, шаш үлгісін жасап өзімді әйгілі фильмдегі ДЖон Уик ретінде сезіндім. Менің бір роликтерімнің бірі 700 мың қаралым жинаған. Мені жарнамаға түсуге шақырып жаза бастады", - Альберт Масуатов. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.