Әлемдегі ең танымал газет Димаш Құдайберген жайлы жазды
656
Екі ғасырға жуық тарихы бар танымал газет басылымдардың бірі El Mercurio газетінде Димаш Құдайберген жайлы мақала жарияланды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Dimashnews.com сайтының жазуынша, 26 наурызда жарық көрген мақалада автор қазақ әншісінің вокалдық диапазоны және оның музыка әлеміне ықпалы жайында егжей-тегжейлі баяндайды.
Сонымен қатар онда Димаш Құдайбергеннің 2 жылға созылған пандемиядан кейін концерттік турнесінің басталғаны туралы жазылған.
«Меркурий» (El Mercurio) газеті Чилидегі ең мәртебелі әрі ескі басылымдардың бірі саналады. Оның алғашқы нөмірі 1827 жылдың 12 қыркүйегінде Вальпараисо қаласында жарық көрген. Ал 1900 жылдың 1 маусымынан Сантьяго қаласынан шыға бастады. Бүгінде «Меркурий» испан тілінде күн сайын шығады және сатылымы жағынан Сантьяго қаласының рекордшысы саналады.

«Димаш шығармашылығының Оңтүстік Америкаға таралуы өз жемісін бере бастағанына өте қуаныштымыз. Біз Dimash Latin Dears фан-клубымыздың атынан өте көп іс-шара өткіземіз. 2023 жылы Чилиде ең ірі «Винья-дель-Мар» ән фестивалі өтеді. Ұйымдастырушылар Твиттердегі аккаунтында көрермендерден фестиваль сахнасынан кімді көргісі келетіндігін сұрапты. Әрине, біздің ең үлкен арманымыз – ол сол жерде Димашты көру», - деді Dimash Latin Dears фан-клубының әкімшісі.