Танымал кинорежиссер Эдвард Құлбаев өмірден өтті

282
Қазақстан Кинематографистер Одағының мүшесі, әдебиетші, кинорежиссер Эдвард Айтқазыұлы Құлбаев өмірден өтті.

"Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымы әдебиетші, кинорежиссер, сценарист, ұстаз, Қазақстан Кинематографистер Одағының мүшесі – Эдвард Айтқазыұлы Құлбаевтың өмірден өтуіне байланысты отбасы мен туғандарына қайғырып көңіл айтады", - делінген Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Іnstagram-парақшасында.

Эдвард Айтқазыұлы 1959 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Заводинка ауылында дүниеге келген. Киров атындағы ҚазМУ биология факультетін бітіріп, КСРО Мемлекеттік кино жанындағы сценаристер мен режиссерлерді даярлайтын жоғары курсты аяқтаған.

Эдвард Айтқазыұлының әңгімелері мен шығармалары "Жалын" баспасынан шығатын "Юность", "Простор" журналдарында жарияланып тұрған. Режиссер және сценарист ретінде "Жел мен тұз" (1989), "Айтыс" (1990), "Беларусь шебі" (ҰОС-дағы Белоруссияны азат еткен қазақстандық жауынгерлер туралы, 2010), "Василий Смыслов", "Үйлесімділік іздеуде" (2012) сынды деректі фильмдердің авторы.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.