Қазақстанда қанша театр бар?

2 571

Фото: ашық дерек көзіҚалаларда 73 театр жұмыс істейді, оның ішінде 39 драма, 11 қуыршақ, 7 – жас көрермен театры, 4 музыкалық комедия, 4 опера және балет театры. Сегізі басқа жанрда, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Мемлекетке 57 театр тиесілі.


16 театр жеке меншікте, оның 14-ін жеке кәсіпкерлер жүргізеді.


Театр саны бойынша бірінші орынды дәстүрлі түрде Алматы алып отыр – 23 театр.


Екінші орында Астана – 9, одан кейін Шымкент – 6 театр.


2022 жылы республика театрлары 15,3 мың іс-шара өткізді, оның 8,3 мыңы – балаларға арналған іс-шаралар.


Өткен жылы әртістердің ойынын тамашалауға 2,1 млн көрермен барды. Ал ең көп келушілер Алматы (726,4 мың адам), Астана (461,3 мың адам) және Қарағанды облысының (272,1 мың адам) театрларында болды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.