Корея мен Қазақстанның мәдени алмасу жылына арналған концерт өтеді
23 қыркүйек сенбі күні сағат 18.00-де «Алматы» театрында Оңтүстік Корея мәдениет және спорт министрлігі мен халықаралық мәдени алмасу қоры үйымдастырған Корей ұлттық оркестрінің концерті өтеді, - деп хабарлайды “Opennews.kz” ақпарат агееттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Аталған концерт Корея мен Қазақстан өзара мәдени алмасу жылына орайластырылған және екі елдін достығын нығайтуға арналған шара болмақ.
Бұл концертке Корея ұлттық оркестрінің дирижері Ли Сынг Хвон, Кореядан келген пансори әншісі және Қазақстан домбырашылары қатысады. Кеш 100 минутқа созылады деп жоспарланған.
Бірінші бөлімде жеке домбырашы «Мейрам» тақырыбына арналған қазақтың халық әнін, корей оркестрінің сүйемелдеуімен Қазақстанның халық композиторы Еркеш Шәкеевтің, Берлин симфониялық оркестрінің бас дирижері Лиор Шамбадалдың жетекшілігімен әлемдік сахнада танылған қазақтың классикалық «Мұқали» күйін орындайды. Екінші бөлімде корей пансориі және дәстүрлі оркестрінің сүйемелдеуімен «Сачолга» және «Сугун хваненг» әндері шырқалады.
Екі ел арасындағы мәдени байланыстың маңыздылығын паш ету мақсатында концерттік кеште қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптары мен корейдің симфониялық музыкасының үйлесімі көрсетіледі.
«Бұл қойылым Корея мен Қазақстанның соңғы 30 жыл ішінде мәдени алмасу арқылы достық орнатқанын паш етеді және екі елдің музыканттары орындайтын әсем әуендер мен үйлесімділіктен ләззат алатын уақыт болмақ. Біз көп адам қызығушылық білдіріп, осы шараға қатысады деп күтеміз», - деп атап өтті жоба ұйымдастырушыларының бірі Чон Хянг Ми.