Жұмабай Шаштайұлының 4 томдық толық шығармалар жинағы таныстырылды

2 541

Фото: gov.kzМәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті жазушы Жұмабай Шаштайұлының 4 томдық толық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Іс-шарада қаламгердің 75 жылдық мерейтойына орай «Жылдар мен жолдар…» атты иллюстрациялық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ жазушының өмірі мен шығармашылық жолына арналған бейнеролик көрсетіліп, туындыларына шолу жасалды.

Іс-шараға жазушының әріптестері, әдебиеттанушылар, қоғам қайраткерлері, мәдениет және өнер саласының өкілдері, студенттер мен оқырмандар қатысты. Жинақта жазушының жылдар бойы жазған қазақы болмыс, ұлттық құндылық, адамгершілік мәселелері мен өмір шындығы көркем бейнеленген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.