Бішкекте қазақ киносының күндері басталды

370
Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Мәдениет күндері аясында қазақ киносының күндері басталды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

 Іс-шараға Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Қырғыз Республикасының мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Қайрат Иманалиев пен екі мемлекеттің киногерлері қатысты. Ақтоты Райымқұлова Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынастардың тамыры тереңде екенін, Тәуелсіздік алған жылдары жаңаша қарқынмен дамып келе жатқанын, халықтар арасындағы дәстүрлі бауырластық байланыстар барлық бағытта дәйекті түрде даму үстінде екенін айтты. 

«Манас» кионотеатрында басталған қазақ киносының күндері 9 қазанға дейін жалғасады. Көрермендер назарына Рүстем Әбдірашевтің «Алмас қылыш», Ақан Сатаевтың «Томирис», «Жау жүрек мың бала», «Анаға апарар жол», «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмдері мен Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазының «Мұзбалақ», Адай Әбілдиновтің «Күлтегін» анимациялық фильмі ұсынылады.