Жас жазушылар мен ақындар үшін арнайы Президенттік әдеби сыйлық тағайындалады
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Павлодар облысында халықпен кездесу барысында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев әдебиет саласындағы жаңа жобалар туралы айтты. 2023 жылдан бастап қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін арнайы Президенттік әдеби сыйлық тағайындалады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Енді 18 жастан 29 жасқа дейінгі авторлар жоғары марапатқа ие бола алады.
Сондай-ақ министр жас әдебиетшілерді қолдау бойынша жүзеге асырылып жатқан басқа да жобалар туралы айтып берді.



Қаз
Рус






