«Маңғыстау – Тетис мұхитының орны» фильмі түсіріліп жатыр
Кино орталығының қолдауымен «Маңғыстау – Тетис мұхитының орны» фильмінің түсірілімі жүруде, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«Ардфильм» фильмді экологиялық тақырыпқа, су мәселесіне қатысты кинофестивальдарда көрсетуді қалайды және олтек ғылыми ақпаратқа ғана емес, ел аузындағы әңгімелерге де негізделген. Мұндай тоғысу эпос, аңыздар мен ертегілерден бастап, ғылымға дейін жалғасқан.
Фильм коммерциялауды көздемейді. Себебі, бұл – көркем фильм емес, деректі фильм. Оны үлкен кинотеатрларға шығаруға болмайды. Бірақ, монтаж жұмыстарынан кейін телеарналармен келіссөздерді жүргізуді көздеп отыр. Өйткені бұл кез келген деректі фильмнің жүрер жолы. Күзде осы жобамен көрермендерді қуантпақ.
Айта кету керек, «Aрдфильм» ЖШС – Ардақ Әмірқұловтың продюсерлік орталығы. Ол – белгілі кинорежиссер, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.