Қызылордадағы Қайрат Нұртастың концерті неге кейінге шегерілді: Продюсері түсініктеме берді
Продюсер әрі Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова әншінің Қызылордадағы концертіне қатысты жағдайды түсіндірді, – деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қайрат Нұртас Instagram желісіндегі парақшасында тыңдармандарына концерт күнінің ауысқанын хабарлаған еді.
Оның айтуынша, Шымкенттегі жағдайға байланысты Қызылорда қаласындағы билет сатылымы тоқтатылған.
– Аллаға шүкір, бәрі орнына келіп, кеше Қызылорда қаласы бойынша сатылым ашылды. Осыған дейін түрлі сұрақтармен, концерттің анық боларын сұрап тоқтамай хабарласқандарға жауап болсын. Бұрын билет алғандар, сол билетімен кіре алады. 20 қазанда Қызылорда күтіңіздер!" – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.
Шымкентте өткен Қайрат Нұртастың концертінде кептеліс болып, 18 жастағы қыз зардап шеккен еді. Полиция қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелгенін мәлімдеді. Көп ұзамай концерт ұйымдастырушысы ұсталған болатын.
Қаз
Рус






