Қазақстандық суретшілердің көрмесі ашылды

370
Астанада акварельмен картина салатын қазақстандық суретшілердің көрмесі ашылды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Халықаралық акварель күніне арналған көрме IWS GLOBE ART NETWORK қауымдастығының қолдауымен және «Artbaza» коворкинг-шеберлік орталығының негізін қалаушы суретшілер Елизавета Антропова мен Евгения Грекинаның ұйымдастыруымен өтті.

Қатысушылар конкурстық негізде іріктелген. Қазылар алқасының төрағасы – IWS Globe халықаралық акварель қауымдастығының президенті Атанур Доган.

Жұмыстар бірнеше критерий бойынша таңдалды: 90-100% акварельмен орындалуы, өзге автор картинасының көшірмесі болмауы тиіс, сондай-ақ шеберлік-сабақтарда орындалған жұмыстар қабылданбады.

Нәтижесінде көрмеге Қазақстанның түрлі қалаларынан барлығы 20 автордың суреті қойылды. Олардың арасында Айдана Мыңайдарованың «Тұңғиық», Максим Ведерниковтің «Қазақстанның еңбек сіңірген архитекторы В.Ф.Тоскиннің портреті», Куләш Төребаеваның «Бакуге көне есік», Елена Абилеваның «Алмалар» картиналары бар.

Көрменің ашылу салтанатында астаналық суретшілер Айдана Мыңайдарова мен Елизавета Антропова жаңа картина салудан келушілерге шеберлік сабақ өткізді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.