Жапондар қазақ күйлерімен танысты
«Жібек жолы арманы». Жапония астанасында осындай атпен Орталық Азия елдерінің елшіліктері ұйымдастырған концерт өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қазақтың халық музыкасын Иннара Серікбаева, Ақбөпе Әбілбекова және Наоки Такахаши орындады. Наоки 2002 жылдан бері қазақтың музыкалық дәстүрлерін зерттеп келеді. Осы уақыт ішінде ол домбыра, қобыз және сыбызғы аспаптарын меңгерген. Такахаши мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Бос уақытында ол жапон халқына қазақ музыкасын таныстырады. Токионың Китаку ауданындағы концерт залының сахнасында музыканттар «Бұлбұл», «Кішкентай», «Жорғатай» және «Жезкиік» сияқты ән-күй орындады.