Жапондар қазақ күйлерімен танысты

2 676

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Egemen.kz«Жібек жолы арманы». Жапония астанасында осындай атпен Орталық Азия елдерінің елшіліктері ұйымдастырған концерт өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қазақтың халық музыкасын Иннара Серікбаева, Ақбөпе Әбілбекова және Наоки Такахаши орындады. Наоки 2002 жылдан бері қазақтың музыкалық дәстүрлерін зерттеп келеді. Осы уақыт ішінде ол домбыра, қобыз және сыбызғы аспаптарын меңгерген. Такахаши мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Бос уақытында ол жапон халқына қазақ музыкасын таныстырады. Токионың Китаку ауданындағы концерт залының сахнасында музыканттар «Бұлбұл», «Кішкентай», «Жорғатай» және «Жезкиік» сияқты ән-күй орындады. 

Наоки Такахаши, музыкант: - Мен қазақстандық әнші Нұржан Нұрпейісовтың оқушысымын. Атым Наоки Такахаши. Бүгін көрермендерді домбыра, қобыз, сазсырнай, шаңқобыз секілді қазақ халқының дәстүрлі музыкалық аспаптармен таныстырдық. Қазақстан және Орталық Азия елдерінің мәдениетін және музыкасын таныту біз үшін өте маңызды. Өйткені жапон халқы арасында сіздердің музыкаңыз бен музыкалық аспаптарыңыз аса танымал емес. Дегенмен қызығушылық жылдан-жылға артып келеді.





OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.