Нашақорлық мәселесін көтерген «Екі ғұмыр» спектаклі көрсетілді
Астанада Музыкалық жас көрермен театры «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Екі ғұмыр» спектаклін ұсынған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Қойылымды көрермендермен бірге елорданың спортшылары тамашалаған.
Драма жанрындағы туынды жуырда түбегейлі жаңартылған. Пьесаға өзгерістер енгізілген. Былайша айтқанда, мәтінге өңдеу жүргізілген. Ал әсерін күшейту үшін музыкалық хор қосылған.
Авторлары Қолқанат Мұрат пен Асхат Молдағали бүгінгі өзекті тақырып нашақорлық мәселесі мен жастар өмірін шығармаға арқау етті. Ал сахналық нұсқасын туындының қоюшы режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров жасады. Режиссері — Бауыржан Нұрбай.
Бұл қойылым ар-ождан мен шындықтың, адам мен ортаның арасындағы шынайы қақтығысты суреттейді.







