Қазақстан рекордын 11 мың домбырашы жаңартты

2 542

Фото:© gov.kz17 - ші наурыз күні Наурыз мерекесін атап өту аясында Алматы қаласының Білім басқармасы "Алматы Аренада" «Домбыра үні» атты ауқымды акция ұйымдастырады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда ұлттық аспапта бір мезетте күй орындаған ең ірі музыкалық шаралардың бірі болмақ. Қаланың барлық ауданынан жиналған оқушылар бір сахнада өнер көрсетіп, қазақ халқының бай рухани мұрасына деген құрметтің айқын белгісін танытпақ. Іс-шараның құрметті қонақтары ретінде танымал қазақстандық өнерпаздар – Асылбек Еңсепов, Ринат Гайсин, Нұрлан Албан және Әли Оқапов қатысады. Белгілі музыканттар флешмоб қатысушыларына қолдау білдіріп, қала тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтайды.

Акция қорытындысы бойынша, бұл іс-шараны Қазақстан рекордтар кітабына ұлттық аспапта күйді бір уақытта ең көп адам орындаған мәдени оқиға ретінде енгізу жоспарланып отыр. Ауқымды музыкалық флешмоб Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралардың жарқын көрінісіне айналып, ұлттық мәдениетті жастар арасында кеңінен насихаттауға үлес қоспақ. Бұл жай ғана концерт емес, мыңдаған жас жүректің бір ырғақта соғуы мен ата-баба мұрасына деген құрметтің көрінісі болмақ.